Шағын Отанымыздың ұмытылмас мұралары
«Шағын Отанымызыдың ұмытылмас мұралары» атты әзірленген электрондық библиографиялық жоба Екібастұз қаласының және Екібастұз өңірінің қасиетті орындары ұғымын сіңіруге және тарихы мен мәдениетін таныстыруға бағытталған.
Электронды библиографиялық
әдістеме туралы
Егер қалаларға төлқұжаттар берілетін болса, онда документальды фото қалай да мүсіндік туындыны бейнелеген болар еді. Астана қаласының «жеке» куәлігін ашқан бетте Бәйтеректі көрер едік. Павлодардың төлқұжатына қараған уақытта мүмкін ақын С.Торайғыровтың ескерткішін табар едік. Өз қаламыз Екібастұзды танып білетін сондай «визит карточкасы» бар ма?
Ескерткіш мұралары көне тарихтың куәсі. Тарих -ол күн сайын кейді қасынан өткен кезде монументтер және мүсіндер туралы айта алған жағдайда ғана жанданады. Өз қаласының тарихын тереңірек біліп, сол қалада өмір сүрген белгілі адамдар жөнінде және олардың өнегелі өмір жолдарын оқып үйрену қажет.
Назарларыңызға ұсынылып отырған «Құнды жәдігерлер: Екібастұз ескерткіштері» атты жоба қала тарихының куәсі болуға шақырады.
Бұл электронды құрал қаламыз бен өңірімізде орналасқан көне заманнан күні бүгінге дейінгі маңызды жетістіктерін еске түсіретін фактографиялық және суретті материалдарға қашықтан қатынасуға мүмкіндік береді.
Қала ескерткіштері-бұл халықтың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Ескерткіштер қала мәдениетінің тарихы мен дамуы туралы ақпарат беретін қайнар көз. Сол себепті ұсынылып отырған жоба аясында ескерткіштер, мүсіндік құрылыстар және мемориалдық тақта туралы мәдени құндылықтарды қамтыған мәліметтер жинақталған.

Біз туралы

Сұрақтар бойынша келесі мекен жай бойынша хабарласа аласыз:
Павлодар обл., Екібастұз қ., М. Жүсіп к сі, 51 "а"
Сайтымыз: lib-ekb.kz
e-mail: libr_ekb@mail.ru
Құрастырушылар: Автоматтандыру және цифрлау бөлімі