top of page
01.jpg

     Гүл өз жерiнде ғана — гүл, 
адам өз отанында ғана — адам!

 

                       

ТӨРТҮЙ АУЫЛЫНЫҢ ТАРИХЫ

ТӨРТҮЙ

Төртүй – Екібастұз ауылдық округінің орталығы. Екібастұз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерде орналасқан.Төртүй ауылының  аймағы  ғасырлар  тарихын  сақтаған  жер.  Ата-бабаларымыздың  ертедегі қоныс  орындары  мен бейіттер сыры  қызықтырып  келген  жер. Ресей  мемлекетінің  отары  болып   қалыптасқан  еліміз  қазан  төңкерісінен кейін  тағы  бір  жаңаша  өмір  бастауға  мәжбүр   болды.   Бостандыққа  жетті деп  түсінген  шаруалар Төртүй тұрған  орынға   төрт  шаңырақтың  қазығын  қадады.  Иелік  етіп  қоныс  той  жасады.  Осы төрт үйде Қожахмет, Рахмет, Түсіп, Молдахмет  аталарымыз  тұрып,  мал өсіріп  тұрақтанды.

Please reload

1929, 1930, 1954 ЖЖ

Ұмтылмас оқиғаға  айналған 1929 жылы  осында орыс геологтары, инженерлері,  жер мамандары  келіп, мақсатты  жұмыстарын  бастап  кетті.  Олар жер бұрғылап,  тұщылау  су іздеп, топографиялық  карта  жасады. Сөйтіп, жаз айында  «Ақжар»  деп аталатын   колхоз  дүниеге  келді.
1929 жылы  Кеңес  Үкіметі  құрылғаннан  кейін  колхозды  Төртүй  ауылына  қарай  көшірді. Бұл ауылға ең бірінші  И.В. Сталин  есімі  берілді.
1930 жылы  бұл өңірде «Екібастұз»  атты   совхоз  ұйымдастыруға  үкімет қаулысы  қабылданды. 

1954 жылы  Екібастұз совхозының  экономикасын дамытуға   тың және тыңайған  жерлерді  игеру   жұмыстары  басталды.

Please reload

Қонақжай

кітап

1999, 2013 ЖЖ

ҚР Тәуелсіздік алғаннан кейін  елімізде  көптеген  өзгерістер болды. Егеменді ел боламыз деп  алға  бел  бұрдық.  Бұл  жағдайлар  Кеңес дәуірінде  дүрілдеп тұрған  Екібастұз  совхозына  әсерін  тигізді.  1999  жылдың 29 мамырында  Екібастұз совхозы  Екібастұз ауылдық округі  болып  құрылды. «Төртүй»  аты қайта  алынды. 2013 жылдың 4 шілдесіндегі Екібастұз қаласы әкімінің № 646/7 Қаулысы негізінде «Екібастұз қаласы Өлеңті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін «Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы қайта құрылды.

Please reload

ЕКІБАСТҰЗ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ

Екібастұз ауылдық округінің құрамына Төртүй, Ақши, Мыңтомар, Қаражар, Тай, Көксиыр, Талдықамыс ауылдары кіреді. Екібастұз ауылдық округі бойынша мал шаруашылығымен айналысатын 46 шаруа қожалықтары және 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырылған.

Please reload

bottom of page