. . .

Дүниеден кім

        қалады кетпей көшіп,

Ойлаймысың

        уақытты жүрген тосып?!

Солардың

        біз бір қалған жұрағаты,

Көпеев – фамилиясы,

        Мәшһүр – Жүсіп

 

«Шежіре өлең», 1903 ж . . .

ЖЫЛНАМА
1858 ЖЫЛЫ.«МӘШҺҮР».
  • Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858,Баянауыл ауданы, Қызылтау ауылы – 1931, Баянауыл ауданы, Ескелді ауылы) – ақын, жазушы, философ, қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы, фольклортанушы. ХІХ  ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ жазба ақындар ағымының өкілі, ағартушы. Бес жасынан бастап – ақ молдадан хат таныған.

  • М.Ж. Көпееев 1870 жылы Хамеретдин хазіреттің медресесінде, одан кейін Бұхарадағы діни жоғары оқу орында оқиды.

  • 1875 жылдан біраз уақыт оқытушы болды. «Дала уалаяты» газетіне, «Айқап» журналына хат – хабар, мақалалар жіберіп тұрды. «Мәшһүр» (даңқты, атақты, белгілі) деп танымал Мұса Шорманов атаған.

1887-1890 ЖЫЛЫ МӘШҺҮР МҰРАСЫ.
  • 1887 – 90 жж. Самарқанд, Бұхара, Ташкент, Түркістан т.б. қалаларды аралап, араб, парсы тілдерін үйреніп, Шығыстық классикалық әдебиетімен жете танысқан. Осы жылдары түркітанушы ғалым, академик В.В. Радловпен танысып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісімен айналысты, жар – жар, аужар, бата, ұлғатты сөздер, ертегі, аңыздар, діни қиссаларды жинап, жариялады.

  • Ақынның 1907 ж. Қазан қаласында Құсайыновтар баспасынан үш бірдей кітабы шықты. «Хал- ахуал», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Сарыарқаның кімдігі екендігі» атты шығармаларында қазақ халқын өнер – білімге баулу, елде мектеп, медреселер ашу, жер тағдыры т.б. өзекті мәселлеер көтерді. «Өнерге ғылым, білім болсаң жүйрік», «қазақтың осы күнгі қылып жүрген жұмысы», «Жалғанда таппай бір жар жалғыз жүрдім», «Сәлем», «анама» т.б. өлеңдері мазмұндылығымен, шеберлігімен ерекше. Халық ауыз әдебиеті дәстүрінде «Шайтанның саудасы» «Қаршыға мен бұлбұл», т.б. шығармаларын жазды. М.Ж. Көпеев араб, парсы тілдерін жетік білгендіктен шығыс поэзиясын терең меңгерді, шығыс мотиві бойынша «Гүлшат – Шеризат», «Ғибратнама», «Ер Көкше», «Сайын батыр» жыр – дастандарын жазды.

  • Бұхар жырау, Шортанбай, Орынбай, Шөже, Жанақ, Сақау секілді ақын – жыраулардың әдеби асыл мұраларын хатқа түсірген. М.Ж. Көпеев теориялық және поэтикалық мұраларынан қазақ халқының шығу тегі мен ру – тайпа құрамы туралы шежіресі кең танымал.

  • Туған жерінде М.Ж. Көпеевтің мұражайы бар.  Павлодар қаласының бас мешітіне Мәшһүр Жүсіп Көпеев есімі берілген. С. Торайғыров атындағы ағартушылар мен академиктердің бюст аллеясына Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мүсіні орнатылған (2003). 

«Ертістің Павлодар өңірі» атты энциклопедиясынан алынған.

1952

жылы

Кеңес үкіметінің шешімімен Мәшһүр атаның мазары бір күн ішінде бұзылды

Кеңес үкіметінің шешімімен Мәшһүр атаның мазары бір күн ішінде бұзылды.

2001

жыл

Мәшһүр Жүсіп мешіті.jpg

Мәшһүр Жүсіп мешіті әлемді таңдандырды

Павлодар қаласындағы орталық Мәшһүр Жүсіп мешіті - еліміздегі ең көрікті мешіттердің бірі.

>> Читать далее

2008

жыл

кеснесе.jpg

Мәшһүр атаның 150 жылдығына орай Ескелдіде Мәшһүр Жүсіп кесенесі ашылды.

2010

жыл

карта.png

Айтылмаған ақиқат

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлын ұлықтау аясында атқарылған игі істердің бірі – Екібастұз қаласындағы Ленин көшесіне Мәшһүр Жүсіп атын беру.

>> Читать далее

2016

жыл

DSC_5875.jpg

Ескелдідіге кесененің жанына Жаңажол ауылындағы мұражай көшірілді.

>> Читать далее

 

2017

жыл

Мәшһүр Жүсіп ескерткіші.jpg

Екібастұзда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына арналған ескерткіш бой көтерді

Ескерткіштің ашылуы шаһардың 60 жылдық мерейтойына орайластырылған...

>> Читать далее

«Жігіттер, жақсы қайда өнер шашқан..»

Мәшһүр Жүсіп ескерткішінің басында Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті.

>> Читать далее

2018

жыл

Құбылыс.jpg

Екібастұз орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде өткізілген шаралар.

>> Читать далее